Accessibility links

Павлодардағы жанар-жағар май бағасы қымбаттап отыр


Тамыздың 14-і күні Павлодардағы жанар-жағар май бағасы қымбаттай түсті. Мәселен, бұған дейін 42 теңге тұрған А-80 бензині Павлодар қаласындағы «Ахметовтер жұбы» деп аталатын жанар-жағар май құятын орында 47 теңгені көрсетсе, «Век» жанар-жағар май құятын орын қызметкері де бензиннің осы бағаны көрсеткенін айтады. «Ахметовтер жұбы» деген жеке меншік жанар-жар май құятын орнындағы кезекші қызметкер А91 бензині 52 теңгені, А95 бензині 60 теңге тұратындығын хабарлап, мұнай өнімдерінің қымбаттауын Павлодар қаласындағы мұнай өңдеу зауытының қызметін тоқтап тұруымен байланыстарады.

Алайда, Павлодар мұнай өңдеу зауытының аты-жөнін айтуда бас тартқан диспетчер бөліміндегі қызметкер:

- Зауыт бір жылда бір ай жүруі тиіс жөндеу жұмысынан өтті. Бензин бағасының қымбаттауын бір ғана мәселемен байланыстыруға болмайды. Павлодар зауыты мамырдың 20-нан бастап толық қызметіне кіріскен.

- Біз өнімді бір бағамен шығарамыз, ал саудагерлер оны екінші бағамен сатады. Оған қоса мұнайдың әлемдік бағасы қымбаттап отыр.



Ал қазір Павлодар облысында жүрген Параламент депутаты, әрі бұрынғы монополияға қарсы комитет қызметкері Серікбай Әлібаев егін орағы басталар кездегі жанар-жағар май бағасының қымбаттауын сол өңірдегі монополистер мен солар арқа сүйеп отырған шенеуніктердің іс-әрекеттері дейді:



- Егін егетін кезде және егін оратын кезде үнемі солай қымбаттайды. Сұрау көбейгеннен кейін оның бағасы өседі. Үкімет өз жұмысын істемейді. Үкімет екі жыл болды бәсеке жөніндегі заңды жібермей, ұстап отыр. Ал жанар-жағар май орындары кімнің қолында? Өздерінің адмадарының қолында. Бизнес өздерінікі.

Ол Павлодардағы бензин бағасының қымбаттауы сайлау қарсаңында сол өңірдің депутаттары үшін кері қызмет атқарып отыр дейді:

- Әрине, осыдан кейін халық айтады: «Депутаттар біз үшін түк істемейді. Сайлау бізге не керек?!» Сондықтан, ол да сайлауға әсер етеді. Қоғамдық мәселелер сараптау орталығының қызметкері Қанат Берентаев болса, Павлодар зауытында өнідірілетін мұнай өнімідерінің толығымен Ресейден әкелінетін мұнайдан әзірленетігін айтады:

- Сол себептен, Ресей мұнайының бағасы өссе, Павлодардағы мұнай өнімдерінің бағасы да артады. Ал Қазақстанның батыс өңіріндегі мұнайды Павлодарға жеткізетін ішкі мұнай құбыры жоқ. Сондықтан, ол Қазақстан мен Қытайды жалғастыратын мұнай құбыры салынған кезде сол арқылы жол-жөнекей Павлодарды да қамти кетуге болады деген пікірде.
XS
SM
MD
LG