Accessibility links

Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.
Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 1-8 наурыз арасында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

  • Украинада шайқас жүріп жатқан аймақтардан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін гуманитарлық коридорлар ашылды. Коридор ашуды екі тарап келіссөз кезінде келіскен.
  • Украина Ресей 12 мың әскерінен айырылды деп отыр.
  • АҚШ Ресей мұнайынан бас тартады.
  • Украинадан соғыс басталғалы екі миллион адам елден кетуге мәжбүр болған.
  • Украина президенті Владимир Зеленский Киевте екенін мәлімдеп, бірнеше видео жариялады.
  • Британиялық Shell мұнай-газ компаниясы ресейлік жобалардан шығатынын, Ресейден мұнай шикізатын алмайтынын мәлімдеді.
  • Жапония мен Австралия да Ресейге санкцияны күшейтті.
19:00 7.3.2022

БҰҰ Адам құқығы жөніндегі басқармасы: Соғыс басталғалы Украинада кемі 406 бейбіт тұрғын қаза болды, оның ішінде 27 бала бар. Кемі 801 бейбіт тұрғын жараланды.

18:21 7.3.2022

Bellingcat​ зерттеу тобының жетекшісі Христо Грозев Ресей мен Украина арасындағы келіссөзге жақын екі дереккөзіне сілтеме жасап, Ресейдің Украинаға қойып отырған талаптарын атады:

  • Украина премьері етіп Юрий Бойконы тағайындау (Жоғарғы рада депутаты, бұрынғы вице-премьер), ал Зеленский формальды түрде президент болып қала береді;
  • Қырымның Ресей аумағы екенін мойындау;
  • "ДХР" мен "ЛХР" аумағының тәуелсіздігін мойындау.

Грозевтің жазуынша, Зеленский бұл талаптарды орындаудан бас тартқан.

Бойко Bellingcat​ тобының бұл ақпаратын "фейк" деп атады.

17:44 7.3.2022

Украинадағы Николаев облысы әкімшілігінің басшысы Виталий Ким Николаев қаласындағы әуежай Украинаның бақылауына өтті деп мәлімдеді. Бүгін қалаға және әуежайға ресейлік әскерилер шабуылдағаны хабарланған еді.

Соғыс кезінде мұндай ақпараттарды тәуелсіз дереккөздер арқылы тексеру мүмкін емес.

17:28 7.3.2022

Азаттықтың Украин қызметінің хабарлауынша, Қырымда "Z" белгісі бар ресейлік техникалардың қозғалысы байқалады. Кейбір көліктерде ракеталар тиелген. Біраз көліктің нөмерлері боялған немесе жасырылған.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG