Ғалымжан Жақияновтың үстінен қозғалған жаңа қылмыстық істер бойынша тергеу жұмыстары жалғастырылуы мүмкін

«Азаттық» радиосына берген алдыңғы сұқбатында сенатор Зәуреш Батталова Құсмұрын түрмесінде қамауда болған Ғалымжан Жақияновтың Павлодардағы тәртібі жеңілдетілген колонияға ауыстырылуы оның құқығының бұзылуы дегенді айтқан. Ол Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ғалымжан Жақиянов тұтқындалған жері Алматыға жіберілуі тиіс деген пікір білдірген.
Алайда, Қостанай облыстық қылмыстық-атқару жүйесі басқармасының бастығы Александр Булавин:

- Қылмыстық-атқару кодексінің 68-ші бабына сәйкес Жақиянов өзінің тұрғылықты жеріне немесе жауапқа тартылған жеріне ауыстырылады. Бұл тұжырымның дұрыстығын Жақияновтың бұрынғы қорғаушысы, заңгер Мұстахим Төлеев те қоштайды:

- Жақияновтың тұрақты жері – Павлодар қаласы, Луначарская көшесіндегі үйі. Қай жерде тіркелсе, сол жерге ауыстыралады.

Дегенмен, тұтқынның қоғамдық қорғаушысы Петр Своик:

- Заң бойынша Жақиянов өзінің тұрғылықты жері, яғни, қазір отбасы тұрып жатқан мекенге – Алматыға әкелінуі тиіс.

Ол қорғалушысының тәртібі жеңілдетілген колонияға жіберілуі сайлау процесімен байланысты дейді.

- Алдағы сайлауды Қазақстандағы қоғамдық күштер мен әлемдік қауымдастық мойындауы үшін билік қазір Жақияновты еркін қонысқа ауыстырып, алға бір жұмыс істеліп жатқандағын көрсеткісі келеді. Дегенмен, Қостанай облыстық қылмыстық-атқару жүйесі басқарма басшысы Булавин Жақияновты ауыстыру арқылы қарапайым заң процедурасы жүзеге асқанын баяндайды:

- Жақиянов өзінің жазын өтеу мерізімінің үштен бірін өткеріп, ешқандай тәртіп бұзушылыққа бармағандықтан, Қылмыстық-атқару кодексінің 73-ші бабына сәйкес жұмсағырақ тәртіпті мекемеге көшірілмек.

Алайда, саясаткер Заманбек Нұрқаділов Жақияновтың еркін қонысқа ауыстырылуын Қазақстандағы оппозицияның табысы дейді:

- Тамыздың екісінде-ақ ешқандай айғай-шусыз осындай жағдай болатын еді ғой. Көрмейсіз бе, он күннен кейін шығарып отыр. Бұл - басқа пікірде жүрген азаматтардың жан айқайының қосқан үлесі деп білемін. Барлығы: «Ойбай, жаңадан іс қозғады» деген әңгімені айтты. Оның растығын өзі айтатын шығар. Бірақ сондай сөздің болғаны рас. Бұл орайда сенатор Зәруеш Батталова Ғалымжан Жақияновтың үстінен жаңадан қозғалған қылмыстық істер жалғасын табады деген мәлімет барын айтады.

- Оны Алматыға жібермей, тек Павлодарға жібереді. Неге десеңіз, Павлодарда жаңа істер ашылды деді ғой. Енді Жақияновты Павлодардағы тәртібі жеңілдетілген колонияға әкеледі. Бірақ сол жаңа қылмыстық істерді жалғастырады деген хабарды алдық.

Оның айтуынша, тамыздың оны күні кешке Ғалымжан Жақиянов Қостанай абақтысына әкелінген.

- Қостанай СИЗО-сында екі күн болады. Содан кейін оны Павлодарға апарады деген мәліметті Қостанай облыстық қылмыстық-атқару жүйесі басқармасының бастығы беріп отыр. Содан кейін Павлодарда Шибекті деген жердегі тәртібі жеңілдетілген колонияға әкетеді деген әңгімені естідік. Тамыздың он бірі күні Жақияновтың адвокаты онымен кездесуге мүмкіндік алған. Дәл осы күні тұтқынмен жүздесуге оның келесі бір қоғамдық қорғашысы Асылбек Қожахметовтың аттанғаны Қазақстанның демократиялық таңдауы халықтық партиясы төралқа төрғасының өз сөзінен мәлім болды.