Алматыдағы еске алу

Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойған белсенділер Желтоқсан мен Жаңаөзен оқиғалары кезінде қаза тапқан азаматтар рухына құран бағыштап отыр. Алматы, 16 желтоқсан 2015 жыл.

Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументіне жиналған 40-50 қаралы белсендіні полиция қызметкерлері алыстан бақылап тұрды.  

Алматыдағы Тәуелсіздік монументіне белсенділер қойған гүл шоқтары мен "Желтоқсан - Жаңаөзен" деген жазуы бар мата. Алматы, 16 желтоқсан 2015 жыл.

Белсенділер әкелген қара лента. Онда "Жаңаөзен" сөзі және Жаңаөзен оқиғасы құрбандарын еске алған үкіметтік емес ұйымдардың атаулары жазылған. Алматы, 16 желтоқсан 2015 жыл.

Желтоқсан мен Жаңаөзен оқиғалары құрбандарына құран бағыштап отырған белсенділер. Алматы, 16 желтоқсан 2015 жыл.

Тәуелсіздік монументіне келген жұрт. Алматы, 16 желтоқсан 2015 жыл.

Республика алаңында жүрген жұрт пен полиция қызметкерлері. Алматы, 16 желтоқсан 2015 жыл.

Алматыдағы Тәуелсіздік монументіне қойылған гүл шоқтары. Алматы, 16 желтоқсан 2015 жыл.

Алматылық белсенділер Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойып, Жаңаөзен және Желтоқсан оқиғалары құрбандарына құран бағыштады.