Австралия билігі мен Facebook неге тартысып қалды?

Your browser doesn’t support HTML5

Facebook Австралиядағы барлық бұқаралық ақпарат құралының желідегі жазбаларын өшіріп тастады. Сондай-ақ қолданушыларға жергілікті басылымдарда жарияланған жаңалықтарды бөлісуге тыйым салды. Осылайша Facebook әкімшілігі биліктің өзін және басқа да ірі платформаларды табысын бөлісуге міндеттейтін заң жобасына қарсылық білдіріп жатыр.