"Мемлекеттің медианы алалайтынын дәлелдеп берді". Назарбаеваның сөзіне сарапшылар не дейді?

Your browser doesn’t support HTML5

Азаттық радиосы тілшісінің парламент кулуарында сұрақ қойып, жауап алуға тырысуын Дариға Назарбаева "шабуыл" деді. Бұл пікірі zakon.kz сайтына шықты. Ол Азаттықтың АҚШ қаржыландыратынын екшеп атаған. Парламентте журналист Ресей сыртқы істер министрі Лавровтың Қазақстандағы орыс тілділерге қатысты ксенофобия туралы пікірі жайлы сауал қойған. Назарбаева zakon.kz сайтына Сергей Лавровтың ксенофобия туралы пікіріне шын өкінетінін, оның көз қазақстандықтың көңілін түсіретінін айтқан.