Алматыда ақылы тұрақтың ақшасы кімге түседі?

Your browser doesn’t support HTML5

Назарбаев әулетімен құда болған кәсіпкер, қазір қамауда отырған Қайрат Боранбаевқа тиесілі делінетін компания Алматыдағы ақылы тұрақ жүйесі – Alanparking компаниясын толық бақылауына алған. Мемлекеттің 30 пайыз үлесі акционда 5 миллион теңгеге сатылған. Жұрт ақша мемлекет қазынасына түсуі керегін айтады. Ал жеке компания қыруар инвестиция құйдық дейді.