Алматыда Конгресс-холл салу үшін ағаштарды отай ма?

Your browser doesn’t support HTML5

Осыдан бірнеше күн бұрын интернетте "Алматының Атакент бағында тоғыз мыңдай ағаш кесіліп, орнына Конгресс-Холл сарайы салынады" деген ақпарат тараған. Қала тұрғындары мен эколог "ағаштардың оталуына қарсы". Ал қала әкімдігі "бұл әзірге жоба екенін" айтады.