"Тоқаев, Назарбаев неге мәселеге араласпайды?" Қытай консулдығындағы наразылықтың 32-күні

Your browser doesn’t support HTML5

Алматыдағы Қытай консулдығының алдындағы наразылық басталғалы бір айдан асты. Қытайда туысым қамауда деген адамдар сенбі-жексенбіден өзге күндері сонда барып, талабын айтады. 11 наурызда келген жеті әйелдің үшеуінің денсаулығы нашарлады. Бірақ елшіліктен ешкім шықпады.