Жабылып, қайта ашылған академия студенттері неге наразы?

Your browser doesn’t support HTML5

Алматыда былтыр лицензиясынан айырылған Тынышбаев атындағы көлік және коммуникация академиясы студенттері мен оқытушылары білім министріне наразы. Биыл атауын ауыстырып, жаңа лицензиямен жұмыс істей бастаған академияға кейбір мамандықтарды оқытуға рұқсат берілмеген. Ал комитет өкілі ол мамандықтар оқу орны лицензиясындағы даярлау бағытымен сәйкеспейді дейді.