Ұлты шешен Жамалдиевтің жағдайы. Туыстары "ҰҚК оны изоляторда азаптаған" дейді

Your browser doesn’t support HTML5

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы департаменті тергеп жатқан ұлты шешен Расул Жамалдиевтің туыстары президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан араша сұрап, хат жазған. Олар "Жамалдиевті тергеу абақтысында қинап, азаптаған" дейді. Тергеліп жатқан азамат өз-өзіне қол салмақ та болған. Ал ҰҚК үнсіз.