Сувенир домбыра

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстандық кәсіпкер жаңа дүкенінің ашылу салтанатында бағалы ағаштан жасалған, алтынмен көмкерілген, пернелеріне гауһар тастар қондырған сувенир домбыра көрсетті. 50 мың еуроға еуропалық шеберлерге жасатқан сувенир домбырадағы механизм Нұрсұлтан Назарбаевтың "Үшқоңыр", Абайдың "Желсіз түнде жарық ай" әндерін және Сүгірдің "Аққу" күйін ойнай алады. Көрмеде ұлттық нақышта жасалған басқа да кәделі бұйымдар болды. Астана, 14 желтоқсан 2015 жыл.