Астанадағы Франция елшілігіне гүл қойды

Your browser doesn’t support HTML5

Бірнеше шет мемлекеттер елшіліктері орналасқан ғимараттың алдына тігілген тулар арасында Франция байрағы төмен түсірілген. Астанада ауа райы суық болған сенбі күні осы жерге келген тұрғындар Франция елшілігінің кіреберісіне гүл шоқтарын қойып, кеше кешкісін Парижде жасалған террорлық шабуылдарда құрбан болғандарды еске алды. Астана, 14 қараша 2015 жыл.