«Қазақ хандығы – 550» көрмесі

Көрмеге «Дала антлантидасы» циклынан бес картина әкелген суретші автор Манатбек Аманбаев «Әуел баста» картинасының алдында тұр.
«Символ ретінде төбесінен  аққу ұшырып, жусанды даладағы бұлақ басында отырған Жәнібек пен Керей хандарды бейнелегім келді. Жәнібек хан - отырған, Керей сұлтан - түрегеп тұрған адам» дейді Манатбек Аманбаев.

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған көрмеге әкелінген  "Абылай аманаты" (Манатбек Аманбаев) картинасы. Астана, 17 қыркүйек 2015 жыл.

Суретші Манатбек Аманбаевтың «Ғасырлар тоғысында» картинасында ақ жолмен келе жатқан президент Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген.
 «Дала антлантидасы» 22 жұмыстан тұрады. Сақтардан әкеліп, бүгінге алып келдім. Мынау - ең соңғы жұмыс. Дала тарихы біздің тәуелсіздікпен жалғасып жатыр. Президентпен аяқтағым келді. Бірақ әлі жалғасы да болады» дейді суретші Манатбек Аманбаев.

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған көрмедегі Манатбек Аманбаевтың "Мен сендерден биікпін" картинасы. Картинада Ресей патшалығының бодандығынан шығу үшін күрескен Кенесары ханның өлімі бейнеленген. ​ Астана, 17 қыркүйек 2015 жыл.

Қазақтың соңғы ханы саналатын Кенесарының өлімі туралы аңызға арналған тағы бір картина. (Суретші О. Есенбаев). ​ Астана, 17 қыркүйек 2015 жыл.

Суретші С.Таиновтың "Дала мергендері" картинасы. ​ Астана, 17 қыркүйек 2015 жыл.

"Шайқастың басталуы секілді болып тұр ғой. Бірақ кімнің арасындағы екенін нақты айта алмай тұрмын. Қару-жарақтарына қарасам, бергі жағындағылары қазақ жауынгерлеріне ұқсайды, ал екінші тарап қытайға әскеріне ұқсайды. Атты әскерлері көрінбей тұр, жоңғарларға ұқсамайды және де бәрі сап түзеген" дейді көрмеге келген студент Мағжан Ермақаш бұл сурет жайлы. ​ Астана, 17 қыркүйек 2015 жыл.

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған көрмедегі О. Есенбаевтың "Басқыншылық" картинасы. Астана, 17 қыркүйек 2015 жыл.

Суретші Жұмағазы Сағымбаевтың «Дат, тақсыр» картинасы. Автордың айтуынша, картинада Жоңғар елшісінің Қазақ ханына келуі бейнеленген.
«Дат, тақсыр» сөзі ханға сөз айтар алдындағы ресми қаратпа сөз болатын. Сол кезде «Датың болса, айт» деген хан сөзінен кейін барып келуші сөйлеуге мұрсат алатын» дейді Жұмағазы Сағымбаев. ​ Астана, 17 қыркүйек 2015 жыл.

Суретші Жұмағазы Сағымбаев картиналарын гратография әдісімен салғанын айтады. "Жылтыр қағаздың бетіне қаламмен сызып, одан кейін оны бояп алған соң үшкір инемен тырнап салатын сурет түрі".

«Қаракерей Қабанбай» -Жұмағазы Сағымбаевтың гратография әдісімен 2012 жылы салынған картинасы. 
«Қабдеш Жұмаділовтің «Дарабозын» оқыдым. Әке-шешелеріміз ол кісінің ерліктерін жас кезімізден құлағымызға құйып өсірді. Қабанбай бабамыз сияқты батыр болсақ деген арман болған. Ұзын бойлы, ірі пішінді адам болған дегенді айтатын аталарымыз. Бұл портретке қараған адам Қабанбай батырға төменнен қарап тұратындай қылып образын бердім» дейді суретші Жұмағазы Сағымбаев.  Астана, 17 қыркүйек 2015 жыл.

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған көрмені тамашалап жүрген тарихшы Жабай Қалиев. Астана, 17 қыркүйек 2015 жыл.

Суретші О.Есенбаевтың "Шоқындыру" картинасы. Авторы көрмеде болмаған соң картинада не бейнеленгені жөнінде ​тарихшы Жабай Қалиевтен сұрап көрдік. ​
«Иван Грозныйдың Қазан хандығын жаулап алғаннан кейінгі күштеп шоқындыру көрсетілген сияқты. Қазақ хандығы Ресей патшалығының бодандығын алғанда мұндай жаппай әрі күштеп шоқындыру болмады. Шоқындыру қазақ даласында ашылған мектептер арқылы жүріп жатты» дейді тарихшы Жабай Қалиев. ​Астана, 17 қыркүйек 2015 жыл.

"Грузин патшасы Давид пен қыпшақ ханы Ахмет" картинасы. Астана, 17 қыркүйек 2015 жыл.

Суретші А. Уткиннің "Отбасы" картинасы. Астана, 17 қыркүйек 2015 жыл.

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған көрмедегі суретші С.Әлжановтың "Ұлы Қазақстан мұрасы" картинасын тамашалап тұрған көрермендер. Астана, 17 қыркүйек 2015 жыл.

Б. Оспановтың "Ақсақ Темір ізімен" циклының картинасы. Астана, 17 қыркүйек 2015 жыл.

Б. Оспановтың "Ақсақ Темір ізімен" циклының картинасы. Астана, 17 қыркүйек 2015 жыл.

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған көрменің ашылу салтанатына негізінен студенттер мен университет қызметкерлері келді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазан айының соңына дейін созылатын көрмеге кез келген адам тегін кіре алады. ​Астана, 17 қыркүйек 2015 жыл.