Кезекте тұрғандар арасында 89 жастағы әже де бар

Your browser doesn’t support HTML5

Қоғамдық көлікте жол жүруге арналған жеңілдігі бар электрондық төлем картасын алуға келген тұрғындар Астанадағы Жастар сарайы алдында ұзын-сонар кезекте тұрды. Кезек күткендердің арасында жасы 89-ға келген зейнеткерлер де бар. Оларға қызмет көрсетуші мекеме өкілдері "зейнеткерлер тым ерте келіп, ұзын-сонар кезекпен түске дейін тарап кетеді" дейді. Ресми ақпарат бойынша, Астанада 1-31 мамыр аралығында 54 мың карта таратылмақ. Астана, 19 мамыр 2016 жыл.