«Арыс жағасында» VI ретро-фестивалі

Шымкент қаласындағы композитор Шәмші Қалдаяқовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі. 

«Арыс жағасында» VI ретро-фестивалі кезінде қазақтың әйгілі композиторы Шәмші Қалдаяқов туралы бейнебаян көрсетілді.

«Арыс жағасында» VI ретро-фестиваліне қатысушы Оңтүстік Қазақстан облысының өнерпаздары Шәмші Қалдаяқовтың «Отырардағы той» әнін сахнада бірге шырқап тұр.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Шәмші Қалдаяқовтың жұбайы Жәмила апайға қамзол кигізіп, ақ орамал тақты.

Сахнада әнші Заттыбек Көпбосынов (ортада) Шәмші Қалдаяқовтың «Дүнген қызы» әнін шырқап тұр.

Шәмші Қалдаяқовтың 85 жылдық мерейтойына арналып ұйымдастырылған «Арыс жағасында» 6-шы ретро-фестивалін тамашалауға келген көрермендер.

«Шәмші алаңындағы» «Жұлдыздар аллеясында» Оңтүстік Қазақстаннан шыққан 48 сазгер мен әншінің аты-жөндері жазылған. Олардың қатары жергілікті әнші Заттыбек Көпбосыновтың (ортада) есімімен толықты.

«Жұлдыздар аллеясына» есімі жаңадан жазылған жергілікті әнші Заттыбек Көпбосыновпен бірге суретке түсуге тілек білдірушілер көп болды.

«Арыс жағасында» ретро-фестивалін тамашалауға келген көрермендер.

«Шәмші алаңында» ұйымдастырылған ретро-фестиваль кезіндегі полиция қоршауы.