Шымкенттегі «Мәңгілік даңқ» шеруі

Шымкентте 9 мамыр күні екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Мәңігілік даңқ» шеруі өтті.

«Мәңгілік даңқ» шеруіне шымкенттіктер таңғы сағат сегізден бастап жиналды

«Мәңгілік даңқ» шеруіне қатысқан жүзден аса адам қолдарына соғыста майданға қатысқан туыстарының суреттерін ұстап шықты.

«Мәңгілік даңқ» шарасына қатысушылар қала көшелерімен жүріп өтті.

Бұдан соң Шымкенттегі Абай саябағындағы Даңқ мемориалы басында Отан қорғауға майданға аттанып, соғыста шейіт болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алу рәсімі өтті.

Шараға қатысқан соғыс ардагерлері, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, Қазақтан парламенті депутаттары мен өзге адамдар Даңқ мемориалындағы мәңгілік алауға гүл қойды.

«Мәңгілік даңқ» шеруіне кәрі де, жас та қатысты.

«Мәңгілік даңқ» шеруінде екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ата-бабасының суретін ұстап шыққандар көп болды.

«Мәңгілік даңқ» шеруіне қатысушы жастар.