"Назарбаев қайда?" Борышкерлер "Нұр Отан" кеңсесінен төрағаны іздеді

Your browser doesn’t support HTML5

Алматыда ипотекалық қарызы бар ондаған азамат "Нұр Отан" ғимаратына келіп, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездестіруді талап етті. Доллармен несие алып, кейін оны қайтара алмаған азаматтар "мемлекет мәселемізді шешуге құлықсыз" дейді. Олардың арызын тыңдаған партия өкілдері бірінші президентпен кездесу мүмкін емесін айтты.