Accessibility links

Баспасөз шолуы


Мерзімді басылымдарда құқық қорғау орындарында болуы тиіс реформаларға және тағы басқа қоғамдық-саяси жаңалықтарға орай материалдар жарық көрді.

Таяуда Қазақстанның құқық қорғау орындарында біраз өзгерістердің болатындығына газеттердің соңғы санын оқи отырып көз жеткізуге болады. Мәселен, Ішкі істер министрлігінде өтетін рефоромалардың жай-жапсарын Ішкі істер министрінің орынбасары Иван Отто «Новости недели» газетінде берген «Реформа үш кезеңмен өтеді» деген сұқбатында баяндайды. Оның айтуынша, «реформаның негізі сәттері Молдова тәжірибесіне сүйеніп әзірленген ». «Біз төменгі деңгейді(Ішкі істер басқармасын) екі басқармаға: қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету және ұйымдасқан қылмыспен күрес деп бөлуді топшылап отырмыз. Екеуі де Ішкі істер министрлігіне қарайды. Алайда, қоғамдық тәртіпті қорғау басқармасы немесе «жергілікті полиция» деп аталатын орын әкімдерге бағынышты болады», - дейді вице-министр. Бірақ, оның айтуынша, «жол полициясының барлық қызметін әкімдерге беруге болмайды. Жүргізуші күәлігі, техникалық құжат беру, көлік жүргізу құқығын алу үшін үйрету бағдарламасы Ішкі істер министрлігінің құрылымында қалуы тиіс».

Ал «Әділет министрлігі 2005 жылдан бастап тұтастай мемлекеттік тілге көшеді деп күтілуде», - деп хабарлайды «Заң газетінің» тілшісіне Әділет министрлігінің құқықтық насихат, мемлекеттік тілді дамыту және жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры Сұлтан Оразалинов. Ол өз сұқбатында «Тіл туралы» заң нормаларының орындалмай, оны өрескел бұзатын әкімшілік қызметкерлерге ешқандай шара қолданылымайтындығына наразылығын білдіреді. «Бұл ретте заңның бұзылуын қадағалайтын Бас прокуратура да дәрменсіздік танытып отыр», - дейді Әділет министрлігінің департамент басшысы Оразалинов мырза.

«Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған Асқар Тұрапбайұлының мақаласында: «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» жаңа заң жобасына қатысты «қазіргі таңда Журналистер конгресі тарапынан сегізге тарта ұстаным бойынша келіспеушіліктер туындап», оның негізгісі мемлекеттік тілде хабар таратуға қатысты болып отырғаны мәлім болды. «Конгресс ұсынған талап – медиа холдингке кіретін ақпарат құралдарының мемлекеттік тілдегі хабарлар жиынтығы 50 пайыздан кем болмауын заң жобасына енгізу. Сонда бір адамға бағынышты бірнеше БАҚ жиылып, мемлекеттік тілдің 50 пайыздық көрсеткішін бермек», - деп жазады «Егемен Қазақстан» газетінің тілішісі.

«КТК мен «Хабар» телеаралары үшін нағыз бәскелес телеарна пайда болайын деп тұр», - дейді «Сөз» газетінде Рамазан Сәтбеков «Жаңа бір телеарна ашылғалы жатыр» деген мақаласында ресейлік НТВ телеаранасының Қазақстанда хабар тарату мүмкіндігі туралы ақпаратқа орай. Оның айтуынша, бұл шараның артында президент Назарбаетың екінші күйеу баласы Тимур Құлыбаев тұр. Мақала авторы НТВ-дің Қазақстан медиа рыногына ұмтылысы президенттің үлкен қызы Дариға Назарбаева мен оның күйеуі Рахат Әлиевке қарасты КТК мен «Хабар» телеарналарының «шамбайына батқанына» назар аударады. «Үлкен отбасының ішіндегі екі отбасы ақпарат майданында білек сыбана күреске шығуының басты себебі – алда парламенттік, содан соң президенттік сайлауда жақын қалды», - дейді автор.

Каспийдегі кезекті төтенше жағдайдың орын алғанын хабарлайды Елена Ладикова «Экспресс К» газетінің соңғы санындағы бас мақалада. Журналистің мәліметтеріне қарағанда, дүйсенбі күні экологтар «Аджип ККО» кәсіпорны теңіз барлау бұрғылау жұмысын жүргізіп жатқан Ақтоты аралында белгісіз себептермен 200-ге жуық бозторғайдың қырылып қалғанын естіген. «Шын мәнінде қанша қанаттылар мерт болғанын анықтау қиын. Өйткені, осы уақытқа дейін бозторғайлардың барлығы жинап-теріліп өртелген», - деп жазады «Эспресс К» газетінің тілшісі.

Ал «Аргументы и факты Казахстан» газеті «Құпия апаттар» деген мақалада осыдан қырық жыл бұрын қазанның 24-де Байқоңыр ғарыш жайында болған ірі апат пен оның құрбандары туралы мәлімет ұзақ жылдар бойы былайғы жұрттың назарынан тұмшаланып келгенін тілге тиек етеді.
XS
SM
MD
LG