Accessibility links

Ұйғыр көтерілісшілері Қытайға берілмесін дейді құқыққорғаушылар


Ортаазиялық үкіметтері ұйғыр көтерілісшілері деп танылған азаматтарды Қытай қолына оңай тапсыратыны белгілі. Алайда, бұл халықаралық тәртіпке жатпайды. Себебі, өлім қаупіне заңсыз тап болғандардың құқы қорғалу керек. Қырғызстан құқыққорғаушылары осы жөнінде үлкен мәселе көтерді.

Ұйғыр жігіттерінің мәселесі Жалал Қасаржының жағдайында нақты көрінеді. Қырғызстан соты оны террористік ұйымның мүшесі, адамдарды кепілдікке алуды ұйымдастырды деп айыптап, ұзақ жылдарға соттаған. Адвокат Чынтұрған Сыдықовтың айтуынша, Қырғызстан үкіметі Жалал Қасаржыны енді Қытай қолына тапсырмақ.

Мұндай алаңдаушылыққа басқа қырғыз құқыққорғаушылары да қосылады. Олар ортаазиялық елдерің үкіметтеріне қайырылып, ұйғыр көтерілісшілерін Қытайға жалпы бермеуге шақырды. Ұйғырлардың негізгі мекені Шығыс Түркістанда, Қытай үкіметі Шыңжан Ұйғыр республикасы деп атаған жерде шамамен он миллион ұйғыр жасайды. Британияда орналасқан "Амнести интернешнл" құқыққорғау ұйымының зерттеушісі Марк Элисон Қытай Орталық Азия мемлекеттері және Пәкістанмен шарттарды жасасып, ұйғыр көтерілісшілерін өзі жазалауға кірісті, және бұл мәселеде халықаралық заң тәртібін мойындамайды дейді. Қытайға күшпен қайтарылған азаматтар азаптауға тап болуы мүмкін, бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының заңына қайшы. Сөйтіп, тәуелсіздік үшін күресіп, өзге елдерден баспана сұраған азаматтар қорлыққа салынады.

Бишкекте тұратын бір ұйғыр азаматы өзін Садық деп таныстырып, Қырғызстаннан Қытайға осының алдында тапсырылған азаматтар абақтыда өлтірілді деп мәлімет айтты.

Қазақстан 1999 жылы Қытайға үш ұйғыр жігітін қайтарғаны белгілі. Қазақстаннан саяси баспана сұраған азаматтар Қытайда өлім жазасына кесілді. Садық оларды атылып кетті деп біледі. Қытайдың Қырғызстандағы елшілігінің өкілі Ли Хюей мәселені былай сипаттайды:

- Шыңжан Ұйғыр автономиялық республикасы Қытайдағы автономиялық аймақ аймақ боп табылады. Ұйғырлар өзін өзі басқарады. Ал қылмыскерлер жауапқа тартылсын деген заң бүкіл әлемде бар.

Дегенмен, тәуелсіз сарапшылар мұндай сипаттамамен келіспейді. Британияда орналасқан Оксфорд университетінің маманы Рейн Миттер Қытай үкіметі ұйғырларды билікке жолату не болмаса білім жүйесін арттыру сияқты шараларды атқарғанымен, ұйғыр көтерілісшілерін жазалау саясатын қатаңдатты дейді. Ал Германияда орналасқан "Шығыс Түркістан ақпарат орталығы" деген ұйымның бастығы Абдіжәлел Қарақаш "Азаттық" радиосына былай деді:

- Террористермен ешқандай байланысымыз жоқ. Анығында, Қытайдың өзі террорист. Ол біздің жерімізді, байлығымызды басып алды. Қытай үкіметі Шығыс Түркістанға күніне отыз мың қытайлықты көшіріп жатыр. Және олардың жүз проценті Шығыс Түркістанда қоныстанып қалады.

Ұйғыр қоғамдарына қатысты соңғы кезде тек Қытай үкіметі емес, Қырғызстан Жоғары соты да қара тізімін жасап қойды. Кейбір қоғамдарды террористік деп Америка Құрама Штаттары да таныды. Енді міне Қытай үкіметі Ауғанстанда тұтқындалып, АҚШ әскерінің қолына түскен ұйғыр жігіттерін өзіміз тергеп, өзіміз жазаласақ деп Вашингтонға сұрау салып отыр.
XS
SM
MD
LG