Accessibility links

АҚШ: Украина Ресей жерін өз қаруымен атқылай алады


АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Мэтью Миллер
АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Мэтью Миллер

Украинаға Ресей аумағындағы нысандарға қарымта шабуыл жасауға АҚШ-тың рұқсаты қажет емес. Киев оған өзі өндіретін қаруды қолдана алады. "Былтыр [Украина] енгізген бағдарламаларға көз салсаңыз", ондай қару көп. Бұл туралы бүгінгі брифингіде АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Мэтью Миллер мәлімдеді.

"Ал оларға біз берген қаруға қарасаңыз, оны шекараның ар жағынан шабуылдаған Ресей нысандарынан қарымта қайтаруға қолдана алатынын анық меңзегенбіз", – деді мемлекеттік департамент өкілі.

Оның айтуынша, Украинаның қорғаныс құралы өте көп, ал Батыс қаруларымен Ресей жерін атқылау "қақтығыс барысын өзгертетін жалғыз сиқырлы мүмкіндік" емес. Бұған дейін АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин де осылай деген.

"Біз Украинаның барлық мүмкіндігін, барлық тактикасын және Украинаға көрсетіп отырған қолдауды кешенді түрде қарап, ол ұрыс алаңындағы жағдайға және Украинаның бүкіл стратегиясына қалай әсер ететінін қарастырамыз. Осыны әрі қарай да істейміз", - деді Миллер.

Украина президенті Владимир Зеленский бірнеше рет Батыс елдерін Украинаға Ресей аумағындағы нысандарды атқылауға Батыс қаруын қолдануға қойылған шектеуді алып тастауға шақырған. Зеленскийдің өткен аптада АҚШ-қа сапары кезінде бұл маңызды тақырыптардың бірі болды. Бірақ Киев ондай шабуыл жасауға әлі рұқсат алған жоқ.

Бұған дейін The Wall Street Journal басылымы Зеленскийдің "жеңіс жоспарына" Батыс шенеуніктерінің көңілі толмай отыр деп жазған. Украина президенті бірнеше ай бойы оны Ресейді күйретіп, жеңіске жетелейтін жоспар деп таныстырған. Бірақ АҚШ пен Еуропа шенеуніктері майданда орыс әскерінің ықпалы күшейгенін айтып, Украина жоспарында нақты стратегия жоқ деп мәлімдеді.

Ресей президенті Владимир Путин "Киев режиміне Батыс қаруымен Ресей жерін атуға рұқсат беру НАТО-ның қақтығысқа тікелей араласуға бел буғанын білдіреді" деп, "Мәскеуге төнген қауіпке қарай шара қолданатын болмыз" деп мәлімдеген.

Украинаға көмек, комадағы сарбаз, әскерге қарсы петиция – AzatNEWS | 27.09.2024
please wait

No media source currently available

0:00 0:27:28 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG